Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Көру саны:8
Павлодар облысы бойынша Ішкі мемелекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылдың 9 айында 43 аудиторлық іс-шара өткізді (оның ішінде 35-і электрондық мемлекеттік аудитті қолдану арқылы өткізілді, бұл 81,4%-ды құрайды).
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 64,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 5,9 млрд теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 58,4 млрд теңге.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша бюджетке 148,7 млн теңге өтелуі қамтамасыз етілді, 5,5 млрд теңге қалпына келтірілді.
Өткізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша 58 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған бұзушылықтарды және олардың орын алуына ықпал еткен себептерді жою мақсатында Департамент тарапынан 42 нұсқама берілді. Есепті күнге 39 нұсқама бойынша орындау мерзімі келді, оның 37-сі толық көлемде орындалды.
Департамент бюджеттік және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет қаражатын өтеу және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайту жұмыстарын жалғастыруда.
Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі электрондық мемлекеттік аудитті дамыту болып қала береді. Цифрлық құралдар жетілдірілуіне қарай электрондық форматта аудиторлық іс-шараларды өткізу практикасы дәйекті түрде кеңейтілуде. Мұндай тәсіл бақылаудың жеделдігін арттыруға, аудит нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз етуге және профилатикалық бағытты күшейтуге мүмкіндік береді.
22 қазан 2026
22 қазан 2026