2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Көру саны:8
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 33 аудиторлық іс-шара жүргізді. Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 12 968,8 млн. теңге бюджет қаражаты қамтылды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 6 773,1 млн.теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтар сомасы 4,3 млн. теңгені құрады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 522,1 млн теңге бюджет кірісіне өтеліп және тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен қалпына келтірілді.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 17 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9,5 млн теңгені құрады, бұл ретте айыппұлдардың толық көлемде өндіріп алынуы қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Үш лауазымды тұлғаға қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілері анықталды. Аталған тұлғаларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Департамент бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге, анықталған бұзушылықтарды жоюға, сондай-ақ бюджет қаражатын өтеу және қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдауға бағытталған жұмысты жалғастыруда.
14 қазан 2026
20 қазан 2026