«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-дегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері
Көру саны:5
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2024–2026 жылдар кезеңінде «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-де бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 74 852,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.Ең елеулі бұзушылық: 2024–2026 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдерді жасау кезінде жоспарланатын шығыстарды негіздеусіз ассигнованиялар 62 762,4 мың теңгеге асыра көрсетілген. Сонымен қатар, тексерілетін кезең бойы жалпы сомасы 10 778,2 мың теңгеге отын беру бойынша лимит-алу карталары қолданылмаған. Жанар-жағармай материалдарын есептен шығару нормалары 124,2 мың теңгеге асыра бағаланған, ал есептен шығару спидометр көрсеткіштерін есепке алмастан жүргізілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 153,3 мың теңге сомасындағы үнемделген қаражат республикалық бюджетке қайтарудың орнына өзге сатып алуларға қайта бөлінген. Іссапар шығыстары 86,7 мың теңгеге негізсіз төленген, ал 121,4 мың теңгеге толық төленбеген. Төрт қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде 826,5 мың теңге мөлшерінде міндетті сауықтыру жәрдемақысы төленбеген. Жыл сайынғы түгендеу кезінде негізгі құралдардың бар-жоғын тексерудің толықтығы қамтамасыз етілмеген.
Сондай-ақ аудит барысында республикалық бюджетке 364,2 мың теңге қайтарылды. Аудит объектісіне қалған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберіледі.
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
12 қазан 2026
20 қазан 2026