2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлық қызметінің қорытындылары
Көру саны:15
2026 жылдың 1 жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 29 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 13-і жоспарлы және 16-сы жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды құрады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы 6 583 517,3 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ 638 218,09 мың теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар құрылымында:
- бюджет кірісіне өтелуге жататын сома – 111 044,5 мың теңге;
- жұмыстарды орындау және тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтіруге жататын сома – 323 875,6 мың теңге;
- бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын сома – 6 148 597,2 мың теңге.
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша 273 504,0 мың теңге сомасы сәйкестікке келтіруге жатты.
Мемлекеттік аудит материалдарын іске асыру нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне орындауға міндетті нұсқамалар енгізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:
- бюджет кірісіне 69 753,9 мың теңге өтелді, бұл өтеуге жататын соманың 62,8%-ын құрайды;
- жұмыстарды орындау және тауарларды жеткізу арқылы 95 419,9 мың теңге қалпына келтірілді, бұл қалпына келтіруге жататын соманың 29,5%-ын құрайды;
- бухгалтерлік есепте 6 148 597,2 мың теңге көрсетілді, бұл тиісті соманың 100%-ын құрайды;
- 273 504,0 мың теңге сәйкестікке келтірілді, бұл тиісті соманың 100%-ын құрайды.
Осылайша, қаржылық бұзушылықтар бойынша 6 313 771,0 мың теңге сомасында бұзушылықтардың жойылуы қамтамасыз етілді, бұл анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 95,9%-ын құрайды.
Департамент заңдылықты қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпті нығайту, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануды арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
02 қыркүйек 2026
07 қыркүйек 2026