Түркістан облысы Созақ ауданында 299,2 миллион теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Түркістан облысының білім басқармасының «Созақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит 2025 жылғы 1–31 желтоқсан аралығын қамтыды. Нәтижесінде жалпы сомасы 299 175,0 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, бұзушылық ғимаратты сатып алу кезінде техникалық ерекшелікте көрсетілген тауарлардың сәйкестігіне қатысты анықталған. Аталған 299 175,0 мың теңге көлеміндегі қаражат қалпына келтіруге жатады.

Анықталған фактілер бюджет қаражатын пайдалану кезінде ішкі бақылауды күшейтіп, сатып алынатын мүліктің техникалық талаптарға сәйкестігін мұқият тексеру қажеттігін көрсетеді.

Жарияланған күні

13 тамыз 2026

Жаңарту күні

14 тамыз 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты