Түркістан облысында лицензияда көрсетілмеген медициналық қызметтерге 112,3 миллион теңге жұмсалған

Түркістан облысы бойынша Ішкі аудит департаменті жүргізген бақылау іс-шаралары барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының қызметіне қатысты бірқатар кемшіліктер анықталды.

Атап айтқанда, 2023–2025 жылдар аралығында «Өркен» ЖШС тарапынан лицензияда көрсетілмеген медициналық қызмет түрлері көрсетілгені анықталды.

Тексеру барысында ұйымның дерматовенерология, жұқпалы аурулар, кардиология, физиотерапия, невропатология, онкология, оториноларингология, ревматология, фтизиатрия, хирургия, эндокринология, зертханалық диагностика, психиатрия, стоматология және акушерлік-гинекология бағыттары бойынша тиісті лицензиялық құжаттарда көзделмеген медициналық қызметтер көрсеткені белгілі болды.

Нәтижесінде аталған қызметтер бойынша жалпы 112 336,1 мың теңге қаражат игерілген.Оның ішінде:

  • 2023 жылы – 13 053 медициналық қызмет көрсетіліп, 30 530,5 мың теңге көлемінде қаржы игерілген;
  • 2024 жылы – 24 442 медициналық қызмет көрсетіліп, 61 920,1 мың теңге жұмсалған;
  • 2025 жылы – 9 124 медициналық қызмет көрсетіліп, 19 885,5 мың теңге игерілген.

Осылайша, үш жыл ішінде лицензияда көрсетілмеген бағыттар бойынша барлығы 46 619 медициналық қызмет көрсетілген.

Жарияланған күні

13 тамыз 2026

Жаңарту күні

14 тамыз 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты