2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әкімшілік практикасының қорытындылары

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылдың 1 жартыжылдығында 456 әкімшілік іс қозғалды.

Жалпы санының 381 ісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Аталған істерді қарау нәтижесінде жалпы сомасы 69,9 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды, оның ішінде 63,7 млн теңге өндірілді.

Қолданыстағы заңнама шеңберінде келіп түскен өтініштердің негізінде 62 әкімшілік іс одан әрі қарау үшін Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпті нығайту және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуды қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Жарияланған күні

29 шілде 2026

Жаңарту күні

29 шілде 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты