Аудит нәтижесі
Көру саны:23
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» №392 Заңының 18-бабына сәйкес Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Арна» КММ-не жоспардан тыс электронды аудит жүргізіліп, нәтижесінде 2 817,0 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Осыған орай, Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» №392 Заңының 5-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына» сәйкес аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.
12 маусым 2026
12 маусым 2026