"Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі"ММ аудиторлық іс-шараның нәтижелері.
Жарияланған күні: 25 мамыр 2026
Жаңарту күні: 26 мамыр 2026
Көру саны:24
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 27 ақпанда "Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі"ММ-де аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 397,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру барысында негізсіз жүргізілген шығыстар, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару, іссапар шығыстары, мекеменің балансында тұрған негізгі құралдардың жетіспеушілігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды орындау бойынша бұзушылықтар фактілері анықталды.
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Жарияланған күні
25 мамыр 2026
Жаңарту күні
26 мамыр 2026
Жарияланымның авторы
Түрі