Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылғы 1 тоқсандағы әкімшілік тәжірибесі
Жарияланған күні: 08 сәуір 2026
Жаңарту күні: 09 сәуір 2026
Көру саны:27
2026 жылдың бірінші тоқсанында Департамент әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 137 хаттама жасады, оның ішінде 101 хаттама қарау үшін сотқа жолданды.
36 материал бойынша Департамент жалпы сомасы 8 185 060 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салды, олар толық көлемде өндірілді, оның ішінде:
- мемлекеттік сатып алу саласындағы 32 әкімшілік құқық бұзушылық ісі, жалпы сомасы 7 320 060 теңге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабында көзделген. Негізгі бұзушылықтар тапсырыс берушілердің жеткізушілерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізу бойынша шаралар қабылдамауына, сондай-ақ жекелеген жеткізушілерге артықшылықтар беруіне байланысты;
- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама саласындағы 4 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралып, 865 000 теңге сомасында айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК-нің 238, 239-баптары). Бұзушылықтар бухгалтерлік есептің тиісті түрде жүргізілмеуінен туындаған.
Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерде қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде қолдануда. Бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға айыппұл сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.
Жарияланған күні
08 сәуір 2026
Жаңарту күні
09 сәуір 2026
Түрі