Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жыл қызмет қорытындылары туралы
Көру саны:29
2025 жыл қорытындылары бойынша Департамент 93 аудиторлық іс-шара жүргізді, соның нәтижесінде қаржылық есептілік аудитін және мемлекеттік сатып алуларды есепке ала отырып, жалпы сомасы 192 млрд. 539 млн теңге болатын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 3 млрд. 309 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар;
- 189 млрд. 234 млн теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу 1 млрд. 924 млн теңгеге.
Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан жалпы сомасы 3 млрд. 309 млн. теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтеуге жатады, оның ішінде 1 млрд. 851 млн. теңге немесе 55,9% соммасында бұзушылықтар жойылды.
Есептік кезеңдегі аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша тексерілетін субъектілерге бұзушылықтарды жою бойынша 83 нұсқау жолданды (бүгінгі таңда олардың 55-і орындалды).
Жол берілген бұзушылықтар үшін 73 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 605 хаттама жасалып, жалпы сомасы 54 млн теңге айыппұл салынып толығымен бюджетке өтелді.
22 қаңтар 2026
22 қаңтар 2026