Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 9 ай қызмет қорытындылары туралы

2025 жылдың 9 ай қорытындылары бойынша Департамент 58 аудиторлық іс-шара жүргізді, соның нәтижесінде қаржылық есептілік аудитін және мемлекеттік сатып алуларды есепке ала отырып, жалпы сомасы 18 млрд. 423 млн теңге болатын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 2 млрд. 288 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар;

- 16 млрд. 134 млн теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу 1 млрд. 644 млн теңгеге.

Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан жалпы сомасы 2 млрд. 288 млн. теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтеуге жатады, оның ішінде           1 млрд.341 млн. теңге немесе 58,6% соммасында бұзушылықтар жойылды

Есептік кезеңдегі аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша тексерілетін субъектілерге бұзушылықтарды жою бойынша 49 нұсқау жолданды (бүгінгі таңда олардың 31-і орындалды).

Жол берілген бұзушылықтар үшін 50 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 407 хаттама жасалып, жалпы сомасы 36 млн теңге айыппұл салынып толығымен   бюджетке  өтелді.