Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 2025 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары

2025 жылдың 9 айында Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне барлығы 2 179 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 446 өтініш (66,4%), 583 шағым (26,8%), 14 ұсыныс (0,6%) және 136 өзге де өтініштер (хабарламалар, сұраулар, пікірлер) 6,2%.

Өтініштердің жалпы санынан 221-і басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Өтініштердің мазмұнын талдау олардың көпшілігі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау және құрылыс саласындағы еңбекақы төлеу мәселелеріне қатысты екенін көрсетті.

Өтініш берушілер жиі жіберетін қателіктер:

- деректерді (БСН, ЖСН) қате толтыру;

- өтініш түрін дұрыс анықтамау;

- өтініштің мәнін сипаттамау;

- өтінішті тиісті мемлекеттік органға жолдамау.

Департамент азаматтар мен бизнес субъектілерінің өтініштерін қараудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыстарды «тыңдайтын мемлекет» қағидаттарын іске асыра отырып жалғастырады.

Жарияланған күні

29 қазан 2025

Жаңарту күні

29 қазан 2025

Жарияланымның авторы