Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 8 айдағы әкімшілік практикасының қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тұрақты негізде қаржылық бақылау саласындағы бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік бюджет кірісіне әкімшілік айыппұлдар сомаларын өтеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.

2025 жылдың 8 айында Департаментпен 507 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде:

  • 351 хаттама-Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 207-бабы);
  • 62 хаттама-бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 238, 239-баптары);
  • 16 хаттама — салықтар бойынша аудит және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйымдардың жол берген бұзушылықтары үшін (ҚР ӘҚБтК 246, 247-баптары);
  • 78 хаттама — мемлекеттік инспекциялар мен бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына кедергі келтіргені үшін, сондай-ақ ұйғарымдар мен қаулылардың орындалмағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 462-бабы).

Әкімшілік практика нәтижелері бойынша есепті кезеңде жалпы сомасы 59 620 012 теңгеге айыппұл салынды, оның 59 600 352 теңгесі бюджет кірісіне өндіріліп алынды.

Департамент ҚР ӘҚБтК 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу нормаларын белсенді қолданады. Бұл құқық бұзушыларға қаулы шығарылған сәттен бастап жеті тәулік ішінде белгіленген соманың 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге мүмкіндік береді, осылайша өндіріп алу процесін жеделдетеді және әкімшілік жүйеге жүктемені азайтады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс бюджеттік процеске қатысушылар арасында қаржылық тәртіп пен құқықтық сананы арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жарияланған күні

08 қыркүйек 2025

Жаңарту күні

21 қазан 2025