Мемлекеттік сатып алулардың камералдық бақылауы туралы

2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік сатып алу жүйесінде сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, тиімділігін және құқықтық айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңімен реформалар жүргізілуде. Осы реформаның негізгі бағыттарының бірі – камералдық бақылаудың рөлін күшейту болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 425 бұйрығымен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, енгізілген өзгерістер:

  • Тапсырыс берушілер мемлекеттік емес заңды тұлғалар (бюджеттен тыс қаражат) болып табылатын объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін растау-тек техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша;
  • Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшем ретінде конкурста ескерілетін объектілер саны (жұмыс тәжірибесі) бойынша лимит-жылына 3 объектіден артық емес;
  • Тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін растау, ал қаржыландыру көзі - мемлекеттік инвестициялар;
  • Демпинг 20% құрайтын жұмыстар анықталды - ғимараттарды, құрылыстарды және автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша;
  • Құрылыспен байланысты емес жұмыстар бойынша жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша ғана ескеріледі.

2025 жылғы заңнамадағы жаңартулар – бұл жай ғана формалды өзгерістер емес, мемлекеттік сатып алуға деген сенімді арттыруға бағытталған жүйелі шаралар.

Осы тұрғыда камералдық бақылау – күмәнді шарттардың жасалуына жол бермейтін және жеткізушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін сүзгі рөлін атқарады.

Жарияланған күні

21 тамыз 2025

Жаңарту күні

20 қазан 2025

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты