Түркістан облысының Келес ауданында білім саласында қаржылық бұзушылықтар анықталды
Жарияланған күні: 14 тамыз 2025
Жаңарту күні: 20 қазан 2025
Көру саны:14
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Келес ауданының білім бөліміне жүргізген тексеру барысында бірнеше жылды қамтитын кезеңде елеулі қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Аудит нәтижесінде кейбір қызметкерлерге артық жалақы төленгені, сондай-ақ штатта жоқ азаматтарға да төлемдер жасалғаны белгілі болды. Бұл жағдайлар еңбек заңнамасының талаптары мен қаржы тәртібінің сақталмауынан туындаған.
Департамент анықталған кемшіліктерді жою және жауапты тұлғаларды қарау жөнінде тиісті нұсқама берді. Қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтелуі күтілуде.
Мемлекеттік аудит мамандары бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы – қоғам сенімінің кепілі екенін ескертеді.
Жарияланған күні
14 тамыз 2025
Жаңарту күні
20 қазан 2025
Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты