«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный аумақтық әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ-де жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный аумақтық әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ-де (бұдан әрі – Мекеме) мүгедектер үшін заттай нормалары бойынша азық-түліктерді сатып алу және есептен шығаруға бөлінген бюджеттік қаражатының тиімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру іс-шарасын өткізді.

Аудиторлық іс-шара барысында 4, 4 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтеуге жататын - 4, 4 млн.теңге, атап айтқанда: Мекеме ризықты алатын 1 тұлғаға жалпы сомасы 4, 4 млн. теңгеге азық-түлікті негізсіз есептен шығарды, оның ішінде 2023 жылы – 2, 9 млн. теңгеге, 2024 жылы - 2, 3 млн.теңгеге.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Мекеме атына анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы ұйғарым жіберілді, онда жергілікті бюджетке 4, 4 млн. теңгені қайтару қажет, анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарастыру, сондай-ақ құқықтық тәуекелдерін жою үшін, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу жөніндегі ұсынымдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.

Сонымен бірге, Мекемемен ұсынылған жауабына сәйкес  жергілікті бюджетке 4, 4 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды, Мекеменің қызметкерлері «сөгіс және ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қтара, Департаментпен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке Мекеменің басшысы және басшының орынбасары тартылды. Айыппұл толығымен төленді.                                                    

 

Қостанай облысы бойынша

Iшкi мемлекеттiк аудит департаментi

 

Жарияланған күні

03 маусым 2025

Жаңарту күні

10 маусым 2025

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты