2025 жылдың 1-тоқсаны бойынша Шығыс Қазақстан облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудитінің нәтижелері.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық және жергілікті бюджетқаражаттарының пайдаланылуына сәйкестік бойынша мемлекеттік аудит жүргізеді.

Мемлекеттік аудиттің мақстаы – бюджет қаражатын, мемлекеттік мүлікті және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің аквтивтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Департамент ағамдағы жылдың 1 тоқсанында 18 жоспардан тыс аудиттік іс-шара жүргізілді (оның ішінде 8 – ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы бойынша, 6- орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мониторинг нәтижелері негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, 4 – жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша).

Аудиттік іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 5 290 036,55 мың.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 2 757 688,78 мың.теңге,   рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 2 644 768,17 мың.теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың негізгі бөлігі – құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстарға негізсіз төлем жасау – 2709 468,42 мың. теңге (98,2%).

Қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтардың, аудит барысында және қабылданған ден қою шараларымен, 482 002,26 мың.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, бұл жалпы соманың 17,4% құрайды.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 1 лауазымды тұлға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды және  58,98 мың.теңге сомасында айыппұлдар өндірілді.

Департаментпен жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдар берілді.

Жарияланған күні

10 сәуір 2025

Жаңарту күні

10 сәуір 2025

Қызмет бағыты