Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 12 айдағы әкімшілік практикасы

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 12 айында жалпы сомасы 89 363 660 теңгеге 814 әкімшілік хаттама түзген.

Оның ішінде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 18 330 900 теңге сомасына 282 әкімшілік іс қозғалды. Бюджетке өндіріп алу 100% құрайды.

Талдау көрсеткендей, әкімшілік іс жүргізудің негізгі құрамы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар болып табылады (өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінбеу/уақтылы жүгінбеу немесе мемлекеттік сатып алу нормаларын бұза жасалған шарттар).

Сондай-ақ, Департамент ҚР ӘҚБтК 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде жүзеге асыруда.

Жарияланған күні

18 ақпан 2025

Жаңарту күні

18 ақпан 2025

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты