2024 жылғы Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау қорытындылары.
Көру саны:41
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылы жалпы сомасы 681, 3 млрд. теңге құрайтын 37754 мемлекеттік сатып алу (лоттар, МС жоспарларының тармақтары) қаралды.
Оның ішінде, сомасы 103, 2 млрд. теңге құрайтын 6882 лоттар, МС жоспарларының тармақтарына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 3 521 хабарлама жіберілді, оның ішінде:
- 1 бағыт бойынша-203 хабарлама (5,8%);
- 2 бағыт бойынша-160 хабарлама(4,5%);
- 3 бағыт бойынша-0 хабарлама (0,%);
- 4 бағыт бойынша-874 хабарлама (24,6%);
- бағалы ұсыныстарды сұрату, бір көзден алу тәсілі және ТБ тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу бойынша 2304 хабарлама жолданды (65,1%).
2024 жылғы жағдай бойынша камералдық бақылау нәтижесі бойыша мемлекеттік сатып алу веб-порталында жеке және заңды тұлғалардан 5 073 өтініш қаралды, оның ішінде:
- толық қанағаттандырылғаны - 572 өтініш (11,27%);
- ішінара қанағаттандырылғаны - 2077 өтініш (58,64%);
- қанағаттандырудан бас тартылғаны -2424 өтініш (47,78%);
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының тармақтарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылған.