2024 жылдың 5 айындағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудитінің нәтижелері

Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жоспардан тыс 18 аудит жүргізілді, оның ішінде 6-ы Комитеттің тапсырмасымен, ал 12-сі жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негізінде жүргізілді.   

Аудиторлармен жалпы сомасы 8 662,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 2 247,6 млн.теңге,   рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 6 414,6 млн.теңге. 

Қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтардың, аудит барысында және қабылданған ден қою шараларымен, 1 720,8 млн.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, бұл жалпы соманың 76,5% құрайды.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 6 лауазымды тұлға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды және  0,6 млн.теңге сомасында айыппұлдар өндірілді.

Департаментпен жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдар берілді.

Жарияланған күні

17 маусым 2024

Жаңарту күні

17 маусым 2024

Қызмет бағыты