Результаты аудита в ГУ «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»
Жарияланған күні: 28 мамыр 2024
Жаңарту күні: 28 мамыр 2024
Көру саны:49
Ағымдағы жылдың наурыз айында "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара өткізді. Аудиттің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық есептілігінің дұрыстығын, негізділігін, бухгалтерлік есебі мен қаржылық жағдайын бағалау болды.
Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 709 919,5 мың теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
- Қаржылық бұзушылықтар 541 638,4 мың теңгені құрады.
- Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар — 163 265,0 мың теңге.
- Бухгалтерлік есепке қалпына келтірілген сома — 519 538,4 мың теңге.
- Бюджетке өтелуге тиіс сома 5 016,1 мың теңгені құрады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі және қаржылық есептілікті құрудағы негізгі олқылықтар заңнама нормаларын елемеуге байланысты. Департамент аталған мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы нұсқама жолдады.
Жарияланған күні
28 мамыр 2024
Жаңарту күні
28 мамыр 2024
Жарияланымның авторы