Бюджеттік кредиттер тәртібінің сақталмауы жайлы
Көру саны:42
Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, 01.01.2021ж. бастап 31.12.2023 ж. аралығындағы мерзімге «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бюджеттік кредиттерді беру және пайдалану шарттары мен тәртібін сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудит нәтижелері бойынша 2021 жылғы 5 қазандағы №1 несиелік шартының талаптарын бұзу фактілері анықталды, онда қарыз алушы 7 346 800 теңге сомасында несиені уақтылы өтемеген, соның салдарынан 81200 теңге өсімпұл есептелген.
Аудиторлық іс-шара барысында заң бұзушылықтар сомасы бюджетке 7 428 000 көлемінде толық көлемде өтелді.
Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдауда.
17 сәуір 2024
17 сәуір 2024