Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысы туралы

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  2023 жылы  83 аудиторлық  іс-шаралар жүргізді.  

Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында 16 067,3 млн.теңге қамтылып, жалпы сомасы 10 668,3  млн.теңгенің  бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 7 954,5 млн.теңге,  қаржылық бұзушылықтар 1 026,6 млн.теңге  және  мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталмауынан орын алған бұзушылықтар 1687,2  млн.теңгені құрады. 

Есепті кезеңде камералдық бақылаумен 17403 мемлекеттік сатып алулар қамтылып, олардың нәтижесімен жалпы сомасы 45 874,3 млн.теңгенің 5248 мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар бойынша хабарламалар жіберіліп,  толықтай орындалды.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 758 лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 48,8 млн.теңгеге айыппұл салынып,  оның ішінде бюджетке  өндірілгені 45,4 млн.теңге.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 95 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департаментке 2907 өтініш  түсті, Заңда көзделген мерзімде  қаралып,  өтініш берушілерге жауаптары берілді.

Жарияланған күні

26 қаңтар 2024

Жаңарту күні

26 қаңтар 2024

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты