БҚО бойынша ІМАД аудит іс шаралары қорытындылары

Көру саны:27
- «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2019 жылдың 6 желтоқсанындағы Э.К. Мамбеткалиеваный № 9-5-1-ЖТ-М-325-4127 шағымы негізінде ЖК «Мацура» және ЖШС "FRESH MEDIA EVENT" арасындағы бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу шартының Қазақстан Республикасының миемлекеттік сатып алу заңнамаларына ұйымдастырылған аудит сәйкестігімен бұзушылықтар анықталмады.
- Орал қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 1 балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
К.У.Кузембаевтың шағымына сәйкес еңбек ақылардың дұрыс есептеліп төленулеріне жүргізілген аудит сәйкестігімен барлығы 568 теңгенің еңбекакы артық төленгені анықталып, толықтай қалпына келтірілді.
Аудит нысанының бас есепшісі «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі
ЖК «Мукашева А.Ш.» шағымы негізінде жеке кәсіпкермен шарттың мемлекеттік сатып алу заңнамаларына аудит сәйкестігімен Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабы 19 тармағы 4 тармақшасы және Шарттың 8.4 тармағы 3 тармақшасы бұза отырып, Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментімен ЖК «Мукашева А.Ш.» 2019 жылдың 30 қыркүйегіндегі № 583 шарт негіссіз күшін жойғаны анықталды.
Аудит қорытындысымен аудит нысанына анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру туралы нұсқама енгізілді.
- Жаңақала ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жаңақала аудандық ветеринариялық станция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Ж.У. Алекешеваның шағымы негізінде алдын-алу және диагностикалық шараларға бөлінге бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына аудит сәйкестігі жүргізілді.
Аудитпен барлығы 48 652,3 мың тенгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде есептілікпен қалпына келтірілетіні- 48 535,0 мың теңге, өндіруге тиесілісі- 117,3 мың тенге құрайды.
Аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру туралы нұсқама енгізіліп, аудит материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
14 қаңтар 2020
14 қаңтар 2020