Артқа

Түсіпберген Рүстем Асқарұлы

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысы

Жалпы ақпарат, білімі

1990 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген.

«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» АҚ, «Қаржы академиясы» АҚ, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін» тәмамдаған, қаржыгер, экономист, заңгер.

Мансап

Жұмыс тәжірибесі:

2013 ж. – «Астана-ЕРЦ» ЖШС-де халықпен жұмыс істеу тобының 2-санатты операторы

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау, мемлекеттік тілді дамыту департаментінің инспекторы

2014-2017 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Мемлекеттік сатып алулар басқармасының сарапшысы

2018-2020 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Камералдық бақылау бөлімінің басшысы

2020-2021 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Апелляция және құқық қорғау басқармасының бас сарапшысы

2021-2023 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік, аудит және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысы