Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнеркәсіп, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Түркістан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
1.Өнеркәсіптік объектілерге, оның ішінде еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, пестицидтердің токсикологиясы мәселелері бойынша алдын алу және ағымдағы мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүзеге асыру. 2.Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ құжаттама (жоспарлар, схемалар, ақпараттар, хабарламалар) жүргізу. 3.Өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді және азаматтық қорғаныс объектілерін есепке алуды жүргізу. 4.Қоршаған ортаға, өнеркәсіптік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу. 5.Профилактикалық және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу. 6.Ұйымдастыру – әдістемелік жұмыс жоспарын, азаматтық қорғаныс жоспарын, төтенше жағдайлардың салдарын жою жоспарын, құлақтандыру сызбасын жасауға және орындалуын талдауға қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. 7.Бөлім құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың шешімдері, бұйрықтары, сұрау салулары, сондай-ақ өтініштері бойынша ақпарат дайындау, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. 8.Бөлімде іс жүргізу және мониторинг жүргізу. 9.Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. 10.Қолданыстағы заңнама, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. 11.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, Департаменттер үйі,3-қабат,D-блогы
-
8(725)33-7-10-56