ҚР ДСМ Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы, (1 бірлік),индекс: 24-26-11-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Биология
  • Биотехнология
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Санитария, гигиена, эпидемиология

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысын департамент бөлімдері мен аудандық (қалалық) басқармалардың басым бағыттарына сәйкес жоспарлау. Талдау жүргізу және олардың уақтылы орындалуын бақылау. Атқарушылық тәртіпті бақылау және талдау, сондай-ақ аудандық және қалалық басқармалар қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу, жинақтау, қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау. Департамент алқасына материалдар дайындау. Конференциялар, семинарлар, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Департаментте және аумақтық бөлімшелерде іс жүргізуді бақылау, құжаттарды есепке алу және сақтау тәртібі. Басқармалардың автоматтандырылған жүйелері бағдарламаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау (санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, есепке алу және инфекциялық сырқаттанушылық, су сапасы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі көрсеткіштерінің статистикасын жүргізу жөніндегі шараларды бақылайды). Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру бойынша мемлекеттік қызметті сапалы және уақтылы жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Функционалдық блок В.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.10.2023 – 30.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30МВ

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы Абай көшесі 35/5

Анықтама алу үшін байланыс

8(72772) 2-39-37