ББҚ таңбалау мәселелері бойынша жиі қойылатын сұрақтар

 

1. Таңбалау бойынша жалпы сұрақтар

❓ Таңбалау қай кезден бастап міндетті болады?

Таңбалау тек 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өндірілген ББҚ үшін міндетті болып табылады. Осы күнге дейін өндірілген тауарларды әкелуге және сатуға таңбалаусыз рұқсат етіледі.

❓ Тауардың таңбалауға жататынын қалай анықтауға болады?

Шешім бір мезгілде екі факторға байланысты қабылданады:
1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін белгілеу туралы» бұйрығы шеңберіндегі ЕАЭО ТН ВЭД коды;
2) Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес ББҚ ретінде мемлекеттік тіркеу туралы қолданыстағы куәлігі бар ББҚ.
Егер код сәйкес келсе, бірақ тауар ББҚ болмаса, оны таңбалаудың қажеті жоқ.

❓ Калдықтарды, қоймадағы қорларды, ескі партияларды таңбалау қажет пе?

Жоқ. Олар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін стандартты тәсілдермен өткізіледі.

❓ Экспортқа шығарылатын тауарды таңбалау қажет пе?

Егер тауар транзитпен жүрсе, онда қажет емес. Егер ҚР-да ЕАЭО-ға кірмейтін елдер үшін өндірілсе – таңбалау талап етілмейді.

 

3. Өндіріс күндері және растау

❓ Тауардың 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін өндірілгенін және таңбалауды талап етпейтінін қалай дәлелдеуге болады?

Келесі құжаттар пайдаланылады:
• Сапа паспорты (партия нөмірі + өндірілген күні)
• Затбелгідегі (этикеткадағы) таңбалау
• Зауыттық құжаттар

❓ Егер партия аралас болса (бір бөлігі 1 қыркүйекке дейін/кейін)?

Опциялар:
• Сұрыптап, тек 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап және одан кейін өндірілген тауарды таңбалау;
• Логистиканы жеңілдету үшін бүкіл партияны таңбалау.

 

4. Жүйеде тіркелу

❓ Қайда тіркелу қажет?

  • Жұмыс жүйесі: prod.markirovka.kz
    • Тестілік орта: test.markirovka.kz
    • Жұмыс жүйесінде тіркелу сілтемесі: tanba.markirovka.kz/registration

❓ Бірінші болып кім тіркелуі керек?

Тек компания басшысы. Ол:
1) Шартқа қол қояды;
2) ЭЦҚ растайды;
3) Содан кейін қызметкерлерді қосады.

❓ Егер хат келмесе не істеу керек?

«Спам» бумасын тексеріңіз. Егер 1–3 күн ішінде келмесе – mark@mycloud.kz поштасына жазу керек (БСН/БИН көрсету арқылы) немесе 8 800 080 65 65 техникалық қолдау телефонына хабарласыңыз.

❓ «Рұқсат берілмеген» (Доступ запрещен) немесе 403 қателігі шықса — не істеу керек?

Бұл бір реттік сілтеменің пайдаланылғанын білдіреді. Техникалық қолдау қызметінен жаңа сілтеме сұрау қажет.

 

5. Тауар карточкасы

❓ Қандай деректер міндетті болып табылады?

1) Тауар идентификаторы иесінің компания атауы;
2) Тауар идентификаторы иесінің GCP (ГСП) префиксі;
3) Тауар идентификаторы иесінің заңды мекенжайы;
4) Тауар идентификаторы иесінің елі;
5) GTIN (ГТИН);
6) Мемлекеттік жіктеуіш коды;
7) ТН ВЭД коды;
8) GPC (ГПС) коды;
9) Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі);
10) Затбелгідегі тауар атауы;
11) Өндірілген елі;
12) Тауар белгісі (бренд);
13) Мәлімделген көлемі немесе нетто салмағы;
14) Тұтынушылық қаптамадағы тұтыну бірліктерінің саны;
15) Тауардың ББҚ-ға қатыстылығы белгісі;
16) ББҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
17) Тауар дайындалған нормативтік құжат (құжаттар);
18) Қолдану саласы;
19) Шығарылу нысаны;
20) Сактау шарттары;
21) Тауарды қолдану тәсілі;
22) Тауардың жарамдылық мерзімі;
23) Қаптама түрі;
24) Қаптама материалы;
25) Қаптама түрінің сипаттамасы;
26) Тауардың саудадағы атауы;
27) Тауар белгісінің елі;
28) Құрамы;
29) Шикізаттың ветеринариялық бақылауға бағыныстылығы белгісі;
30) Қаптаманың фотосы;
31) Өндірістік алаң компаниясының атауы;
32) Өндірістік алаңның заңды мекенжайы;
33) Өндірістік алаң орналасқан ел.

❓ Егер артқы жағы бос болса ше?

Бос жағын да суретке түсіруге болады — бұған рұқсат етіледі.

❓ Егер тауардың әртүрлі елдердегі затбелгілері әртүрлі болса ше?

Уақытша қолжетімді фотосуретті жүктеп, кейін оны ауыстыруға болады.

❓ Фотосуретсіз шимайды (черновик) сақтауға болмай ма?

Иә, болмайды. Фотосуреттер міндетті түрде қажет.

❓ Карточкаларды ҰКТ-дан (НКТ) жүктеп алуға бола ма?

Жоқ. ҰКТ (НКТ) → МПТ арасында байланыс жоқ.

❓ Карточкаларды API арқылы құруға бола ма?

Қазіргі уақытта мүмкін емес, тек жеке кабинет арқылы қолмен жасалады.

 

6. GTIN, GCP, штрихкод

❓ GTIN деген не?

Бұл тауардың халықаралық коды (штрихкод).

❓ GTIN ұзындығы қандай болуы керек?

13–14 таңба. Егер сіздің GTIN 13 таңбадан тұрса, басына «0» қосу керек.

❓ GCP деген не?

GCP = GTIN-нің алғашқы 6–9 цифры (иесі болып табылатын компания коды).

❓ Егер өндіруші GTIN ұсынбаса ше?

Импорттаушы өз GTIN кодын GS1 Kazakhstan ұйымынан алуы тиіс (ақпарат GS1.kz сайтында).

 

7. DataMatrix кодтарына тапсырыс беру

❓ Жеткізілімге қанша код қажет?

Әрбір канистраға/қаптамаға — бірегей жеке код. 10 000 қаптама → 10 000 код.

❓ Кодтарды қорымен (запаспен) тапсырыс беруге бола ма?

Иә, бірақ:
• Затбелгіге түсіргенге дейінгі жарамдылық мерзімі – 365 күн;
• Пайдаланылмаған кодтар жойылады;
• Затбелгіні енгізу туралы есеп қалыптастырылғаннан кейін мерзім шектелмейді.

❓ Тауар жолда келе жатқанда кодтарға алдын ала тапсырыс беруге бола ма?

Иә — алдын ала жүктеп алып, басып шығаруға болады.

❓ Кодтар бірдей бола ма?

Жоқ. Әрбір код бірегей (уникалды).

 

8. Агрегациялау кодтары (қорап/паллета)

❓ Қаптамалардың орнына қорапты таңбалауға бола ма?

Жоқ. Жеке таңбалау міндетті болып табылады.

❓ Онда топтық кодтар не береді?

Олар келесіге мүмкіндік береді:
• Тауарды берген кезде әрбір қаптаманы сканерлемеуге;
• Есепке алуды жеңілдетеді;
• Бірақ жеке кодтарды алмастырмайды.

 

9. Кодтарды физикалық түрде қайда енгізу керек

❓ Ереже бойынша кодтарды қай жерде енгізуге/жапсыруға рұқсат етіледі?

✔ Өндіруші зауытында;
✔ Кедендік жеңілдетілген немесе еркін қоймада (ұсынылатын нұсқа);
✔ ҚР шегінен тыс қоймаларда (РФ, Қытай және т.б.).

❓ Кедендік рәсімдеуден өткеннен кейін өз қоймамызда жапсыруға бола ма?

Ереже жобасы бойынша — ЖОҚ.

❓ Егер тауар РФ-дан болса, кай жерде таңбалаған дұрыс?

  • Өндіруші зауытында;
    • Ресейлік қоймада;
    • РФ кедендік немесе еркін қоймасында.

❓ Қазақстандағы коммерциялық қоймада таңбалауға бола ма?

Тек ол «кедендік қойма» кедендік рәсімі шеңберінде жұмыс істейтін қойма болса ған. Әдеттегі коммерциялық қоймада — болмайды.

 

10. Кедендік мәселелер

❓ Таңбалау кодтары қайда көрсетіледі?

Тауарларға арналған декларацияның (ТД) 31-бағанында.

❓ Кеден кодтардың болуын тексере ме?

Тексеру мүмкіндігі бар:
• Тексеру/қарау кезінде;
• Сары/қызыл дәліз кезінде;
• Тандамалы түрде.

❓ Егер тауар 1 қыркүйектен кейін өндіріліп, бірақ мамырда келсе не істеу керек?

Шекарадан өткенге дейін немесе кедендік қоймаға келгеннен кейін таңбалау талап етіледі.

❓ Тауарды кедендік тазартудан өткізіп, содан кейін таңбалауға бола ма?

Жоқ. Таңбалау айналымға енгізілгенге дейін → яғни кедендік рәсім аяқталғанға дейін міндетті болып табылады.

 

11. Кодты не нәрсеге жапсыру керек

❓ Кодты қақпаққа жапсыруға бола ма?

Иә.

❓ Зақымдамай алып тастауға болатын плёнкаға немесе элементтерге жапсыруға бола ма?

Жоқ. Код қаптаманың зақымданбай алынбайтын бөлігіне түсірілуі тиіс.

 

12. Карточкаға арналған фотосуреттер

❓ Фотосуреттерге қандай талаптар қойылады?

  • Кемінде 2 фото: алдыңғы жағы + артқы жағы;
    • Тауарға сәйкес болуы керек;
    • Тестілік ортада фотолар үлгілік болуы мүмкін.

❓ Телефоннан/қоймадан түсірілген фотолар жарай ма?

Иә. Студиялық фотолар міндетті емес.

 

13. Импорттаушылардың өзара жұмысы

❓ Егер бір импорттаушы карточка құрса, екіншісі оны пайдалана ала ма?

Иә, бірақ тек оның алдын ала толтырылған бөлігін (GTIN, бренд және т.б.). Әркім өзінің өрістерін толтырады.

❓ Егер бренд эксклюзивті болса, басқа импорттаушы біздің карточканы пайдалана ала ма?

Егер бренд зияткерлік меншік тізілімінде болса — басқалардың оны пайдалануға құқығы жоқ. Дегенмен, тауарды ресми түрде кедендік тазартудан өткізетін барлық импорттаушылар карточка бастауға құқылы. Қорғалған брендті басқа тұлғалардың пайдаланғаны анықталған жағдайда, сіз құқық қорғау органдарына/салалық мемлекеттік органға немесе сотқа жүгінуіңіз қажет, содан кейін шешім қабылданған соң тиісті карточка бұғатталады.

❓ Деректердің дұрыстығына кім жауапты?

Карточканы рәсімдейтін импорттаушы/өндіруші.

 

15. Қозғалыстың қадағалануы (2026–2027)

❓ 2026 жылы не істеу қажет?

Тек:
• Тауарды таңбалау;
• Түпкілікті тұтынушыда айналымнан шығару (чек немесе хабарлама арқылы).

❓ Толық қадағалану қашан басталады?

2027 жылғы 1 наурыздан бастап, көрсетілген күннен бастап өндірілген ББҚ үшін.

 

16. 1С, бағдарламалық қамтамасыз ету және интеграция жұмысы

❓ 1С-те таңбалау модулі бар ма?

Иә, модуль бар, бірақ «ББҚ» тауарлық тобы бойынша функционал жақын арада дайын болады.

❓ ҰКТ-мен (НКТ) интеграция бола ма?

Әзірге жоқ. Бірақ болашақта болуы мүмкін.

❓ Портал арқылы айналымнан қолмен шығаруға бола ма?

Иә.

 

17. Негізгі техникалық қателіктер және олардың себептері

  • Қателік: GTIN қабылданбайды
    — Бастапқы нөл жоқ, немесе GTIN GS1 жүйесінде тіркелмеген.

    • Қателік: Карточка модерациядан өтпейді
    — Қайталанатын фотолар, қате тұтқырлық, қате ТН ВЭД.

    • Қателік: Тіркелу сілтемесі ашылмайды
      — Сілтеме бір реттік → техникалық қолдау арқылы жаңасын сұрау керек.

    • Қателік: «Рұқсат берілмеген» (Доступ запрещен)
      — Белсендірілмеген есептік жазба арқылы кіру әрекеті.

 

18. Бизнестің даулы және сақтандыру мәселелері

❓ Егер жеткізуші зауытта таңбалаудан бас тартса не істеу керек?

Таңбалау жүзеге асырылатын қоймаларға кодтарды апару/жіберу:
• Кедендік қоймалар;
• ҚР шегінен тыс қоймалар.

Жарияланған күні

11 қыркүйек 2026

Жаңарту күні

11 қыркүйек 2026