ЖРВИ бойынша жағдай тұрақтануда: сырқаттанушылық 1,7 есеге төмендеді

Жарияланған күні: 09 желтоқсан 2025
Жаңарту күні: 09 желтоқсан 2025
Көру саны:3
Республикадағы ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайы тұрақтана түсуде. Өткен аптада ЖРВИ-дің 198532 жағдайы тіркелсе, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,7 есеге төмен.
Эпидемиялық маусым басталғалы бері 2 295 тұмау жағдайы расталды, тұмауға қарсы 2 268 891 адам егілді, бұл республика халқының 11%-ын құрайды.
Ағымдағы тәулік бойынша 269 мектепте 25850 оқушы қашықтан оқып жатыр. Алдыңғы тәулікпен салыстырғанда қашықтан оқыту форматына ауыстырылған оқушылар саны 73,5%-ға, мектептер саны 40%-ға азайды.
Халыққа ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын еске саламыз:
- Ауру адамдармен байланыстарды шектеу және олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.
- Адам көп жиналатын орындарға бармау, жабық үй-жайларда маска қолдану.
- Жөтелгенде, түшкіргенде және мұрын тазалағанда ауыз бен мұрынды орамалмен немесе салфеткамен жабу.
- Бөлмелерді жүйелі түрде желдету және ылғалды тазарту жүргізу.
- Қолды жиі және мұқият жуу, гигиеналық және дезинфекциялық құралдарды пайдалану.