Санэпидқызмет мамандарын сертификаттау үшін мамандықтар тізімі кеңейтілді

Көру саны:53
13 қазаннан бастап халықтың санитариялық-эпмидемиологиялық саламаттылығы саласында сертификаттауға жататын мамандықтар тізбесіне қатысты жаңа түзетулер күшіне енді.
Негізгі өзгерістердің бірі "Медициналық-биологиялық іс", "Зертханалық диагностика", «Санитариялық фельдшер» сияқты бейінді және сабақтас бағыттағы мамандар енді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын ала алады.
Бұл түзетулер кәсіби сертификаттауға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кадрлық резервін кеңейтуге, сондай-ақ бейінді мекемелердің білікті кадрлармен жасақталу деңгейін арттыруға бағытталған.
Енді осы бағыттар бойынша мамандар өз біліктіліктерін ресми растай алады, сертификат алады және тиісті салада кәсіби қызметке жіберіледі.
14 қазан 2025
14 қазан 2025