Комитет Директоратының Шымкенттегі көшпелі отырысы

Көру саны:32
Шымкент қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқасы шеңберінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Комитет өкілдерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен Комитет Директоратының көшпелі отырысы өтті.
Іс – шара барысында Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы Е.Қиясов Ұлттық сараптама орталығы зертханаларының қызметі - статистика, менеджмент өзекті мәселелер мен нәтижелілік туралы баяндама жасады.
Комитеті төрағасының орынбасары Н.Сәдуақасов ҰСО-ның аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерімен өзара іс-қимылы туралы айтып, жетістіктері мен өзекті мәселелерін атап өтті.
Өңірлік департаменттердің басшылары ҰСО филиалымен өзара іс-қимыл мәселелерін, өңірде санэпидқадағалауды жүзеге асырудың проблемалық аспектілерін атап өтті, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Салауатты қалалар", "Денсаулықты нығайтатын мектептер" және "Салауатты жұмыс орындары" сияқты халықаралық жобаларын енгізу тәсілдері тыңдалды.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен халықтың денсаулығын қорғаудың тиімділігін одан әрі арттыру үшін орталық және өңірлік құрылымдар арасындағы жұмысты үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, дирекцияның көшпелі отырысын қорытындылады.
03 маусым 2025
23 шілде 2025