Әкімшілік рәсімдердің бірыңғай практикасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы

Комитет әкімшілік рәсімдердің бірыңғай практикасын қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құрды. Оның құрамына Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің мамандары енгізілді. Топқа Комитеттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының әкімшілік рәсімдеріне диагностика жүргізу, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылдардың қадамдық алгоритмін әзірлеу, сондай-ақ Комитеттің пайдасына шешілмеген сот шешімдерін қабылдауға негіз болған себептерді анықтау мақсатында әкімшілік практиканы жинақтау міндеті тұр.
Жұмыс қорытындылары бойынша ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі бойынша әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың бірыңғай практикасы белгіленіп, әрбір рәсім бойынша жеке-жеке нұсқаулық әзірленіп, әкімшілік рәсімдерді жетілдірудің үрдістерін, проблемалары мен ықтимал жолдарын анықтау үшін сот тәжірибесіне талдау жүргізілетін болады.

 

Жарияланған күні

09 сәуір 2025

Жаңарту күні

09 сәуір 2025