Сыртқы көші-қон және босқындар басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Көші-қон комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету, сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы саясатты жетілдіруге бағытталған заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны туралы заңнамасын сақтауды бақылау, заң жобасына, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыртқы көші-қон және босқындар бөлігінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыртқы көші-қоны және босқындар саласындағы заңнамасына Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеу мен іске асыруда, Комитет басшылығы айқындайтын міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, халықаралық және республикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру, сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі статистикалық, жедел мәліметтерге мониторинг пен талдау жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінен тапсырмалар мен құжаттарды іске асыру жөніндегі материалдар мен ақпарат дайындау Республикасы Парламентінің және Министрлік пен Комитет басшылығының, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттарын, түсіндіру материалдарын, баспасөз релиздерін уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жедел ақпаратты жүйелеу мен талдау, басқарманың құзіреті шегінде азаматтардың хаттарын, арыздары мен жеке өтініштерін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтындағы сұрақтарды белгіленген тәртіпте қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.09.2022 – 07.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.09.2022

Сұхбаттасу орны

техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

75-07-14