Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті сыртқы көші-қон және босқындар басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 17 тамызға дейін)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Астана қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады; Комитет басшылығына босқындар және сыртқы көші-қон бөлігінде көші-қон заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар және Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Басқармада Комитет басшылығы және жоғары тұрған мемлекеттік органдар айқындайтын тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды; сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді және іске асырады; өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау тәртібін, пана іздеп жүрген адам куәлігінің үлгісін әзірлейді; өз құзыреті шегінде сыртқы көш-қон және босқындар саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді; босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлеу; босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптардың үлгісін әзірлейді; босқындар бойынша орталықтандырылған дерекқор қалыптастырады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі; Комитет басшылығына сыртқы көші-қонды және босқындарды реттеу мен мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; сыртқы көші-қон мен босқындарға көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асырады; халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; Комитет басшылығына сыртқы көші-қон мен босқындарды реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу жөінінде ұсыныстар енгізеді; сыртқы көші-қон мен босқындарға көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемлік басшылықты жүзеге асырады; Комитет басшылығына сыртқы көші-қон мен босқандарға қолданылатын көші-қон процестерінің мониторингі нәтижелерін ұсынады; сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді; сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастырады және айқындайды, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы ғылыми сүйемелдеуді үйлестіреді; халық арасында сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады; халықтың көші-қоны саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар береді; Басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ Басқарманың құзыреті бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған мәселелерді белгіленген мерзімде уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастырады; Комитетте мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді; Басқарма қызметкерлерінен құжаттарды белгіленген мерзімде орындауды, сондай-ақ бақыланатын құжаттар мен шешімдердің орындалу барысы туралы барлық қажетті мәліметтерді талап етеді; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды; құзыреті шегінде сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; өз құзыреті шеңберінде Комитет қызметкерлерімен байланыстарды жүзеге асырады; Басқарманың құзыреті шегінде құжаттарға бұрыштама қояды; Басқарма қызметкерлеріне тапсырмалар береді; Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін, Қазақстан Республикасының заңнамасын, еңбек тәртібінің талаптарын және Комитеттің ішкі құқықтық құжаттарын орындауын бақылайды; еңбек тәртібі бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы Комитет басшылығына хабарлайды; Басқарма қызметкерлерінен лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін түсініктеме талап етеді; Басқарманың жұмысын жоспарлайды; өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі материалдар мен ақпаратты дайындайды; Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
b.arkabayev@enbek.gov.kz
- 26.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
87172743633