Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті этникалық көші-қон басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көші-қон комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Саясаттану
  • Психология
  • Экономика
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады; Комитет басшылығының қарауына этникалық көші-қон бөлігінде көші-қон заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар және Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; этникалық көші-қон бөлігінде көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асырады; этникалық көші-қон саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді және іске асырады; өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Комитет және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша материалдар мен ақпаратты дайындайды; Мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын Комитет мәліметтерін қорғауды қамтамасыз етеді; Басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, шағымдарын, өтініштерін белгіленген мерзімде уақтылы қарауды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Басқарманың құзыреті бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған мәселелер; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде есептік және есептік құжаттама нысандарын, этникалық көші-қонда әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді; этникалық көші-қон бөлігінде көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін Комитет басшылығына ұсынады; этникалық көші-қон саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы, этникалық көші-қон бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу жөніндегі Комитет басшылығына ұсыныстар енгізеді; Комитет басшылығына қандастарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді; алдағы жылға қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын енгізу және оны  облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу жөніндегі комиссияның үлгілік ережелерін әзірлейді; қандастарды өңірлік қабылдау квотасының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады; этникалық көші-қон мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастырады және айқындайды, этникалық көші-қон саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіреді; этникалық көші-қон мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастырады; этникалық көші-қон саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді; қандастар бойынша деректердің орталықтандырылған базасын қалыптастырады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; этникалық көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; құзыреті шегінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді; қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартқаны үшін шағымдарды қарайды; қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін әзірлейді; уақытша орналастыру орталықтарында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда қандас мәртебесін бергенге дейін этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ ішкі көшіп-қонушыларды олардың қалауы бойынша алғашқы қоныстандыру тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді; қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін әзірлейді; қандастарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі Комитет басшылығына ұсыныстар енгізеді; этникалық көші-қон бөлігінде көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу жөнінде Комитет басшылығына ұсыныстар енгізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар береді; этникалық көші-қон мәселелері бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастырады; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды; өз құзыреті шеңберінде Комитет қызметкерлерімен байланыстарды жүзеге асырады; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.06.2026 – 15.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

17.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

87172743633