Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті сыртқы көші-қон және босқындар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Дінтану
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады; Комитет басшылығына босқындар және сыртқы көші-қон бөлігінде көші-қон заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар және Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау тәртібін, пана іздеп жүрген адам куәлігінің үлгісін әзірлейді; босқындар бойынша орталықтандырылған дерекқор қалыптастырады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастырады және айқындайды, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы ғылыми сүйемелдеуді үйлестіреді; халық арасында сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады; халықтың көші-қоны саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады; құзыреті шегінде сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; Басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ Басқарманың құзыреті бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған мәселелерді белгіленген мерзімде уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастырады; өз құзыреті шеңберінде Комитет қызметкерлерімен байланыстарды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі материалдар мен ақпаратты дайындайды;
Комитетте мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;
өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді;
босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптардың үлгісін әзірлейді;
босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі;
Комитет басшылығына сыртқы көші-қонды және босқындарды реттеу мен мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
сыртқы көші-қон мен босқындарға көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асырады;
сыртқы көші-қон мен босқындарға көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады; Комитет басшылығына сыртқы көші-қон мен босқандарға қолданылатын көші-қон процестерінің мониторингі нәтижелерін ұсынады; сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; халық арасында сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.karpekova@enbek.gov.kz
- 28.11.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-39-72