Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті сыртқы көші-қон және босқындар басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) индекс УВМИБ-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

Комитет басшылығына босқындар және сыртқы көші-қон бөлігінде көші-қон заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар және Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; құзыреті шегінде сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; Басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, шағымдарын, өтініштерін, сондай-ақ Басқарманың құзыреті бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған мәселелерді уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастырады; өз құзыреті шеңберінде Комитет қызметкерлерімен байланыстарды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Комитет және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша материалдар мен ақпаратты дайындайды; мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын Комитеттегі мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды; сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырады; өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі; Комитет басшылығына сыртқы көші-қонды және босқындарды реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; сыртқы көші-қон мен босқындарға көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асырады; сыртқы көші-қон мен босқындарға қатысты көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін Комитет басшылығына ұсынады; сыртқы көші қон және босқындар саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді; сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар береді; құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді; кіріс және шығыс хат-хабарлардың уақтылы тіркелуін, оның мақсаты бойынша жеткізілуін қамтамасыз етеді; құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады; тіркеу, есепке алу сақтау және Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне беру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.10.2024 – 30.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

04.11.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-39-72