ҚР ЕХӘҚМ Еңбек көші-қоны сыртқы көші-қон және босқындар басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Көші-қон комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық ету, өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы бағдарламаларды, стратегиялық және операциялық жоспарларды, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің мемлекеттік, үкіметтік емес және өзге де ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты жұмыспен қамтуға квота белгілеу қағидаларын әзірлеу Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу туралы, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын әзірлеу, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша маусымдық шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін әзірлеу, комиссияның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу, жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы елішілік құндылық бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысу, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие өз бетінше жұмысқа орналасу үшін кәсіптер тізбесін әзірлеу шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа орналастыру, Басқарма құзыреті шегінде Жоғары тұрған органдардың және Комитет, Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету, басқарманың құзіреті шегінде азаматтардың хаттарын, арыздары мен жеке өтініштерін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтындағы сұрақтарды белгіленген тәртіпте қарау..

 

 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.03.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2024 – 26.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.03.2024

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-39-08