Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің бас сарапшы - заң кеңесші, C-4 (1 бірлік)
Көші-қон комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Комитеттің құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделерін білдіру, шағым-талап жұмыстарын жүргізу, Комитет қызметін заңды сүйемелдеу. Заң және кадр мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады және лауазымдық міндеттерін орындау бойынша дербес жауапты болады; кадр мәселелері жөніндегі конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; кадр мәселелері жөніндегі комитет төрағасының бұйрықтарының, тапсырмалары мен өкімдерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастырады және өткізеді; қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады; Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеу жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етеді; Комитет қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді; Еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуын бақылайды; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және белгіленген тәртіппен алады; еңбек көші-қоны, сыртқы көші-қон және босқындар, этникалық көші-қон, ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге, сондай-ақ Комитеттің жұмыс жоспарларын және қызметі туралы жыл сайынғы баяндамаларды дайындауға қатысады Комитеттің мүдделерін білдіреді; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.03.2024
- техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-37-78