Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Сыртқы көші-қон және босқындар басқармасының сарапшысы, (1 бірлік) С-5 санаты

Мемлекеттік орган

Көші-қон комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы саясатты жетілдіруге бағытталған заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны туралы заңнамасын сақтауды бақылау, заң жобасына, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыртқы көші-қон және босқындар бөлігінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыртқы көші-қоны және босқындар саласындағы заңнамасына Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеу мен іске асыруда, Комитет басшылығы айқындайтын міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, халықаралық және республикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру, сыртқы көші-қон және босқындар мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі статистикалық, жедел мәліметтерге мониторинг пен талдау жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінен тапсырмалар мен құжаттарды іске асыру жөніндегі материалдар мен ақпарат дайындау Республикасы Парламентінің және Министрлік пен Комитет басшылығының, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттарын, түсіндіру материалдарын, баспасөз релиздерін уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жедел ақпаратты жүйелеу мен талдау, басқарманың құзіреті шегінде азаматтардың хаттарын, арыздары мен жеке өтініштерін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтындағы сұрақтарды белгіленген тәртіпте қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.07.2023 – 04.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25МБ

Сұхбаттасу күні

08.08.2023

Сұхбаттасу орны

пр.Мангилик Ел 8, 6 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

75-07-14