Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Еңбек көші-қоны басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Көші-қон комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Туризм
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы бағдарламаларды, стратегиялық және операциялық жоспарларды, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің мемлекеттік, үкіметтік емес және өзге де ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу қағидаларын әзірлеу Қазақстан Республикасы және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын әзірлеу, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша маусымдық шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін әзірлеу, комиссияның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу, жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы елішілік құндылық бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысу, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие өз бетінше жұмысқа орналасу үшін кәсіптер тізбесін әзірлеу шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа орналастыру, Басқарма құзыреті шегінде Жоғары тұрған органдардың және Комитет, Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, басқарманың құзіреті шегінде азаматтардың хаттарын, арыздары мен жеке өтініштерін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтындағы сұрақтарды белгіленген тәртіпте қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2023 – 04.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

10.07.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8 даңғылы, 6 кіреберіс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 75-07-14