«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына (бұдан әрі – Қаулы жобасы) баспасөз релизі
Қаулы жобасы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-2-бабына сәйкес әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның, үлгілік ережесін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін, атауын өзгерту болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.