Информация по миграционным процессам на 1 июня 2023 года (этническая миграция)

Этникалық көші-қон
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 8 034 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 112,6 мың этникалық қазақ оралды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР – дан, 13% – Ресейден, 6,3% – Түркіменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан және 3,7% - басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5,0%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (9%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларында қоныстанды.
Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 67,5%, еңбекке қабілетті адамдардан 23,8% және зейнеткерлер 8,7% құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5% жоғары білімі, 39,9% арнаулы орта білімі, 36,7% жалпы орта білімі және 4,8% білімі жоқ.
1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 111 мың этникалық қазақ оралды.
Ағымдағы жылғы новеллалар:
- елге оңайлатылған кіру/шығу мәселесін пысықтай отырып, шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын енгізу;
– жыл сайынғы «Парыз» конкурсы аясында «Ата Жолы» картасының иегерлеріне және қандас-кәсіпкерлерге жыл сайынғы президенттік сыйлық беру.