Еңбекминінің көші қон комитеті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен бірлесіп қандастар мен қоныс аударушылардың өңірлік квотасы бойынша жоспарларды іске асырудың ағымдағы барысын қарады

Ертаев

Кеңесте Премьер – Министрдің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.К. Дүйсенованың бірқатар тапсырмалары, сондай-ақ қандастар мен қоныс аударушылардың өңірлік квотасы бойынша жоспарлардың іске асырылу барысы қаралды.

Жалпы, ағымдағы жылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша қандастарды қабылдау жөніндегі өңірлік квота жоспардан 87% - ға, қоныс аударушыларды қабылдау бойынша 58% - ға орындалды.

Қоныс аударушылар бойынша жоспарды орындау бойынша артта қалушылық (28,3% деңгейінде) Ұлытау облысы бойынша байқалды.

Экономикалық ұтқырлық бойынша сертификаттар беру бойынша әлсіз жұмыс Қарағанды (1 сертификат берілді) және Ақмола облыстары (4 сертификат берілді) бойынша байқалады.

Сондай-ақ, кеңесте сұранысқа ие кәсіптер бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша квотаны іске асыру мәселелері қаралды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы сұранысқа ие шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ұсынды.