Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Квота бөлу туралы» 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 1 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Квота бөлу туралы» 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 1 бұйрығы
Квота бөлу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2024 жылға арналған квота облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шетелдік және маусымдық жұмыскерлердің санаттары бойынша;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға бөлінсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Көші-қон комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С. Жақыпова
62