Жиі қойылатын сұрақтар
Әдетте, есірткінің үлкен көлемін алу оңтүстік аймақтардағы жабайы қарасораны заңсыз жинаумен байланысты.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тәркіленген есірткілердің жалпы саны бойынша Түркістан облысы "көш бастап келеді", онда 5,5 тонна есірткі, Жамбыл - 3 тонна және Шығыс Қазақстан облысында 700 кг жуық есірткі тәркіленді.
Есірткіні насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін (ҚК-нің 299-1-бабы) 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ауырлататын жағдайларда 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Қазақстанда есірткі сататын және насихаттайтын интеренет-сайттарға жасалатын сілтемелерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық Кодекске жаңа бап (ҚК 299-1 бабы) енгізілген. Ол бар бойынша 3 жылға жылға дейін, егер бұл қылмыс топпен, бірнеше рет немесе білім ұйымдарында жасалған болса 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.
Синтетикалық есірткілер аз уақытта адамның организмінде тәуелділік туғызады, орталық нерв жүйесін зақымдайды, психикалық жағдайы бұзылады.
Негізі синтетикалық есірткілер "жасырын түрде" қолдан жасалады және олар синтезделгенде "күкірт", "калий", "мышьяк" сияқты улы заттар түзеді. Нашақор көп жағдайда дозаның мөлшерін білмей шамадан тыс пайдаланудан көз жұмады.
Қазіргі уақытта интернет өте қолжетімді. Балалар мен жастар гаджеттерде, телефондарда интернет желісінде есірткі жарнамалайтын және сататын ресурстарды оңай, әрі тез көре алады.
"Интернет-дүкендер" негізі "телеграмм" мобильді қосымшасы арқылы құрылады, оларды кез-келген смартфонға жүктеуге болады.
Көп жағдайда жастарға есірткілерді жарнамалайтын сайттар туралы жарнаманы жабыстырушы немесе курьерлер жұмысын ұсынады. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыспен жазаланады және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Синтетикалық есірткілер көп жағдайда арзан болып келеді және жастар қызығатын сағыз және мұз тәттілермен бүркемелеп сату фактілері кездеседі.