ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Геодезия
  • маркшейдрлік ісі
  • Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

Қосымша талаптар

1.Төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызмет алушыларға бағдарлау және оларды ақпараттандыру, адамгершілік, ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынас, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

2.Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен анықталатын сәйкесінше санат бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасы заңнамасын білу;

3.Аталған санаттың нақты лауазымының мамандандырылуына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, мемлекеттік тілді білу;

4. Аталған санат лауазымы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Салынып, пайдаланылып және қайта жаңғыртылып жатқан кәсіпорындарда жобалау сатысынан бастап олардың қызметі тоқтатылғанға дейін немесе толығымен жойылғанға дейін өнеркәсіп қауіпсіздігі қағидаларының, нормалардың және нұсқаулықтардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, кіріс құжаттарын, басшылық өкімдерін, бұйрықтары мен тапсырмаларын уақытында орындау. Бақылаудағы қауіпті өндіріс объектілеріндегі жұмыс жоспарлары мен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді бағдарламаларды орындау. Жетекшілік жүргізілетін өнеркәсіп саласындағы қауіпті өндіріс объектілерінде өнеркәсіп қауіпсіздігі облысындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын заңнамалық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету.  Өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі жобалық және рұқсат беру құжаттамасын қарау және келісу. Жарылыс жұмыстарын өткізуге рұқсат беру. Бақылаудағы өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі облысындағы заңнама талаптарын сақтауына тексеру жүргізу, авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі арнайы комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және қатысу. Басшылықпен жүктелген басқа да уәкілеттіктерін жүзеге асырады. Тау-кен өндірісі кәсіпорындарында жарақаттану, апат жағдайларын, жарылғыш заттардың жоғалуын ескертуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру. Ескертулердің орындалуына, жарылыс жұмыстарының өткізілуіне, жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға бақылауды жүзеге асыру. ҚР заңнамасына сәйкес, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру, ҚР Мемлекеттік қорғау қызметімен қорғалатын тұлғаларға немесе объектілерге қарсы лаңкестік акт жасалу қаупінің туындағаны туралы Департамент басшысына, немесе оның орнын басатын тұлғаға жедел ақпарат беру. Өнеркәсіп қауіпсіздігі облысындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу және директивті құжаттарды орындау. Өндірістегі орын алған жазатайым оқиғаларды, апаттарды және жарылғыш заттардың жоғалуын техникалық тексеруге белгіленген тәртіпте қатысу, басшылықтан анықталған қауіпсіздік нормаларын бұзушылықтардың жойылуын талап ету. Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды сынақтан өткізу комиссиясының жұмысына қатысу. Бақылаудағы ұйымдарға осы саладағы кәсіпорындардың оң тәжірибесін, өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ғылымдағы жаңа жетістіктер мен техниканы енгізуге жәрдемдесу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.03.2022 – 11.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай облысы., Қостанай қ., Баймағамбетов к 150

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)274061