«Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Әулиекөл ауданының әкімдігі
Қостанай облысы
E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
441254
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Физикалық және химиялық ғылымдар
- Математика және статистика
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Көлік қызметтері
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
Қосымша талаптар
Орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (ғимараттар құрылысы және пайдалануы; техник-механик; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелеріне қызмет көрсету шебері).
Функционалды міндеттер
"А" блогы
Аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын тиісінше пайдалануды сақтау жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асыру. Тұрғын үй қорын түгендеу бойынша жұмысты үйлестіру. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асыру. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуді бақылауды жүзеге асыру. Су шаруашылығы және кәріз жүйелері қызметтерінің көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру. Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізуді бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері талаптарының (оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің, көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдардың) сақталуына дербес жауапты. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Бөлімге жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты. Бөлім қызметкерлерін заңнамалық тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар, нұсқаулар береді, бұйрықтар шығарады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Құсмұрын жылу энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Мерей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорларының өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды. Бөлімнің құрылымын бекітеді. Бұйрықтарға қол қояды және бөлім қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді. Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушы органда және ұйымдарда бөлімді ұсынады. Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу. Өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру. Азаматтардың өтініштері бойынша бөлімнің іс жүргізуін бақылауды жүзеге асыру. «Е-өтініш» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің автоматты режимде үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру. Бөлімге құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) келіп түсетін кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді бақылауды жүзеге асыру. Кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асыру. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін сақтау. Жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарылған бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдері мен нұсқауларын орындау. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көш., 44
-
Анықтама үшін телефон: 21-006, факс: 21-000