Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Қарасу ауданының әкімдігі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Ветеринария (білім беру саласы)
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Ротациялауға жататын орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволар басшыларының орынбасарларының лауазымдары үшін сол салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

Бұл ретте, ротациялауға жататын олардың орынбасарлары үшін сол салада кемінде он жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

 

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссия айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурстық комиссия осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Функционалды міндеттер

Блок А.

Экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-кредит тәртібі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау, бюджетаралық қатынастарды, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын жетілдіру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары, өңірлік ӘКК, жер қатынастары, мемлекеттік шекараны белгілеуге байланысты жер мәселелеріне жетекшілік етеді. Өнеркәсіп өнімін өндіру, аграрлық сектордың жұмыс істеуі мәселелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Цифрландыру жөніндегі шараларды іске асыруды (жетекшілік ететін бағыттар бойынша) және тиісті салалардың қызметінде жобалық басқару қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етеді. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Апелляциялық, кассациялық, жеке шағымдарды Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларына сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша келіседі. Қазақстан Республикасы әкімшілік іс жүргізу кодексінің 91-бабы шеңберінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша сотқа дәлелді ұстанымды ұсынады. Үйлестіреді: экономикалық және бюджеттік жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру; экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджетті атқару, коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, оның ішінде жекешелендіру мәселелері; жергілікті атқарушы органдардың республикалық қаржы институттарының аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік саясат бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмысы; жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың функцияларын ажырату және дамыту мәселелері; жергілікті атқарушы органдардың жетекшілік ететін бағыттар бойынша қызметі; жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, тауар өндірушілермен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу жөніндегі жұмыстары. Жетекшілік етеді: «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  ММ, «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ,

«Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ. Өзара іс-қимылды жүзеге асырады өз құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде: «Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-мен,           «Қарасу ауданы бойынша статистика басқармасы»  РММ-мен,

 Банктер, екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен,           Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалын тіркеу және жер кадастры бойынша Қарасу ауданының бөлімімен, Қарасу ауданы бойынша Кәсіпкерлер Палатасымен, Фитосанитариямен, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау кәсіпорындары, аудандық аңшылар және балықшылар қоғамымен, ветеринарлық қызметтермен. Комиссияны басқарады: Қарасу ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын; жер комиссиясын; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамыту үшін пайдаланылмайтын коммуналдық меншік объектілеріне және олар алып жатқан жер учаскелеріне кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз меншікке өтеусіз бере отырып, сенімгерлік басқару беру жөніндегі әлеуметтік қолданыстағы комиссиясын. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссиясын.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.06.2026 – 24.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66

Анықтама алу үшін байланыс

8(7142) 54-27-08